8 (7172) 48-77-43, 8 (7172) 52-00-37 ski-kz@yandex.ru

Нұр-Сұлтан қаласының «№1 Өнер мектебі» қабырғасында 19-22 ақпан арасында көркемөнер бөлімінің оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастырылуымен «Армысың, Әз Наурыз-2020!» атты көрме өтті.

Оған мектебіміздің өнерлі оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар қатысып, суретші жастардың туындыларын тамашалады. Көрмеге түрлі техникамен орындалған туыныдылар қойылған. Олардың бәрі көрерменнің көңілінен шықты. Көрмеге келгендер тек картиналарды тамашалап кеткен жоқ. Сондай-ақ, жастар сурет өнерінің қыр-сырына да қанықты.

Картиналар көрерменнің жүрегіне жол тауып, жоғары бағаға ие болды. Сурет өнеріне құмартып жүрген жастарға мұндай көрменің пайдасы мол. Ұнаған картиналардың мағынасына үңіледі. Осы орайда көркемөнер бөлімінің оқытушыларының еңбектерінің зор екенін атап өткіміз келеді. Қылқалам шеберлерінің  еңбектерімен танысам деушілерге есігіміз ашық.

Көрмеге қойылған еңбектердің авторлары мен жетекшілерін төмендегі тізімнен көре аласыздар:

Сайлаубеков Ермұрат «Дастархан», жетекшісі Қожантаев Төленді Шакибаевич

Курчатова Ирина «Наурыз»,  жетекшісі Қожантаев Төленді Шакибаевич

Боранбеков Мадияр «Фламинго», жетекшісі Бейсенбаев Даурен Манапович

Смагулов Нұртілеу «Тау пейзажы», жетекшісі Бейсенбаев Даурен Манапович

Контрашенко Анастасия «Көктем аруы», жетекшісі Жұмағат Фариза

Абылғазы Еламан «Наурыз – жыл басы», жетекшісі Қожантаев Төленді Шакибаевич

Ковальчук Полина «Ақсу-Жабағлы», жетекшісі Бейсенбаев Даурен Манапович

Антоненко Дарья «Павлин», жетекшісі Кемельбаева Әсел Көкжалқызы

Сагадатова Алина «Гүлденген әлем», жетекшісі Азат Бұлбұл

Мәлік Нұрмұхамед «Аспан патшалығы», жетекшісі Бейсенбаев Даурен Манапович