8 (7172) 48-77-43, 8 (7172) 52-00-37 ski-kz@yandex.ru

2019 жылдың 03 сәуір күні №1 өнер мектебінде қосымша білім беру мекемелерінің қазақ ұлттық аспаптары бөлімінің педагогтарына арналған  «Педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін білім беру үрдісінде дамыту» қалалық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: қосымша білім беру жүйесіндегі жас мамандардың педагогикалық шеберлігін шыңдау.

Пленарлық отырыста төмендегідей баяндамалар оқылды:

  • «Қазақтың домбыра атауы» (баяндамашы – Тоқтаған Айтжан Есенұлы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор);
  • «Дәстүрлі ән мен терменің тәрбиелік маңызы» (баяндамашы – Бимбетов Мубин дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы);
  • « Сапалы білім – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың басты қағидасы» (баяндамашы – Муканова Ақшагүл Мұқанқызы домбыра сыныбының оқытушысы).

Сондай-ақ, «№1 өнер мектебінің» жас мамандары шеберлік сабақтарын өткізді :

  1. «Теріс бұраулы күйлер. «Қоңыр қаз» бен «Науысқы» күйлерінің орындалу ерекшілігі» – Кожебаев Дархан Ержанович домбыра сыныбының оқытушысы;
  2. «Дәстүрлі әншілердің ансамбльдік үйлесімі» – Ахмедияр Нұрдаулет Түгелбайұлы дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы;
  3. «Ғасырлармен үндескен қобыз үні» – Батхан Еркегүл қобыз сыныбының оқытушысы;

«Ансамбльмен жұмыс жасау әдістемесі» – Мәкенов Еламан қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі.